ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай әскери қызметшілердің балаларына арналған мерекелік шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында балаларға арналған ойын-сауық және танымдық бағдарламалар өткізіліп, мерекелік көңіл-күй сыйланды. Сонымен қатар, қатысушыларға тәтті сыйлықтар табысталып, түрлі қызықты ойындар ұйымдастырылды.
Мерекелік шара балаларға қуаныш сыйлап, отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті






Post Comment