Жыл басынан бері Қазақстанға 40 миллиард теңгенің заңсыз активтері қайтарылды

Жыл басынан бері Қазақстанға заңсыз жылыстатылған 40 миллиард теңгенің активтері қайтарылды, оның ішінде 37,7 миллиард теңге қолма-қол ақша болса, 2,3 миллиард теңгесі мүлік түрінде өндірілді. Бұл жөнінде Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті.

Қайтарылған бұл қаражаттар елдегі әлеуметтік нысандардың құрылысына бағытталуда. Бүгінгі таңда осы қаражат есебінен 39 жоба жүзеге асырылды, олардың қатарында Ақтаудағы жедел жәрдем станциясы, Шымкенттегі оқушылар жатақханасы, Астанадағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы футбол стадионы және Балқаштағы қайта жөндеуден өткен әуежай бар.