МӘМС жүйесінде жоқ азаматтар енді тегін скринингтен өте алады

Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне жарна төлемейтін азаматтар да тегін скрининг тексерулерінен өте алады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

«МӘМС-те жоқ, жұмыссыздар және басқа да азаматтар осы скринингтен өте алмайтын. Неге? Өйткені МӘМС-ке жарнасын төлемейді. Өйткені жұмыссыз. Сондықтан біз бұл азаматтар үшін жақсы норма бердік. Бұл азаматтар да скринингтен өте алатын болады. Онкологияның ең үлкен қаупі – аурудың бастапқы кезеңдерінде симптомдардың байқалмауы. Сондықтан дертті ерте анықтау үшін скринингтен уақытылы өту өте маңызды», — деді Аймағамбетов.