
Алматы облысы Жамбыл ауданында «Атек Агро» серіктестігі 54 гектар жерге тамшылатып суаратын алма бағын өсіріп отыр. Биылғы көктемде алманың «Пинк леди», «Фуджи», «Грэнни смит», «Гала», «Голден делишес» сияқты танымал сорттары отырғызылған. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталовтың Жамбыл ауданына жасаған сапары барысында белгілі болды. Бақтың күтіп-бапталу жағдайымен ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров та танысты.
Тамшылатып суару құрал-жабдықтары Израильден, жас көшеттер Түркиядан әкелінген. Қазіргі кезде түркиялық мамандар қажетті агротехникалық шараларды жүргізуде. Алқап қоршалып жатыр, тамшылатып суаруға арналған су бөгетінің шұңқыры қазылып қойған.
Іске асырылып жатқан теңдессіз жоба үш кезеңнен тұрады. Біріншісі – өнімді өсіру, екіншісі – дайын өнімді ұзақ мерзімге сақтау, үшіншісі, әрине – өңдеу.
Амандық Баталов өз сөзінде Елбасының бақ өсіруді дамыту туралы тапсырмасына сәйкес заманауи агротехнологияны қолдана отырып бақ шаруашылығын дамыту басым бағытқа айналғанын атап өтті. Бұл ретте өз өнімдерін сақтау мен өңдеу ісін қатар дамытудың да мыңызы зор.
Ж. Алтынғадысұлы алмаларының біразын жергілікті нарыққа шығаруды, ал көп бөлігін өңдеуді жоспарлап отырғанын айтты.
Атқарылған жұмыстарды оң бағалаған Ауыл шаруашылығы министрі С.Омаров жергілікті мамандарды бақ шаруашылығында замауани технологияларды қолдана білуге үйрете отырып тарту қажеттігін де еске салды.







Post Comment