Кірпік қаққанша жазылған кітап

Инсульт алғаннан кейін сал болып қалған француз жазушысы, журналист Жан-Доминик Боби кірпік қағу арқылы тілдесу тәсілін қолданып 140 беттік бір кітапты «кірпігімен қағып» шыққан.

Alakolmedia.kz назарларыңызға осы кітап жайлы ақпаратты ұсынады.

Адам тілсіз, дел-сал, бейшара күйде қалғанда көкірегін кернеген сансыз сезімдер мен арман-қиялы денесіне шыпылдап симай, арнасынан төгіліп, өзегіне құйылып, өртеп жан дүниесін қайғыға душар етеді. Мұнша қайғылы күйге душар болған жанның қиялы мен арманына толы кітабы бестселлерге айналды десем бір ғажайып сияқты иә?

2721b103335ed81508fd292a833ba7e5 Кірпік қаққанша жазылған кітап


«СКАФАНДР МЕН КӨБЕЛЕК» атты фильмді каналымыздан көре аласыздар.
Сән-салтанатқа толы өмір сүріп, оқыс жағдайда инсульт алып бейшара хәлге түскен Жан-Доминик өзінің шығармасында өткенге үңілуге, өмірдің мәнін іздеуге немесе әлденені түсінуге тырыспайды. Ол естеліктерден қиялдарға, қиялдардан түстерге, армандардан сезімдерге тегіс ауысады.
Кітапты жазу үшін 200 000-нан астам жыпылықтау қажет болды.

Elle France журналының бас редакторы, Жан-Доминик Бобиге тағдыр 43 жасқа дейін бәрін берген: табысты мансап, әлеуметтік мәртебе, ақша және отбасы.

Шырғалаңға дейінгі оның өмірін былай суреттеуге болады:
сүйікті журналындағы жұмыс, көптеген саяхаттар, қызықты адамдармен кездесулер және Париждегі ең керемет мейрамханаларда тамақтану…

Барлығы 1995 жылдың 8 желтоқсанында күрт өзгереді. Боби Парижден жаңа BMW спорттық көлігін мініп ұлымен жолығу үшін жолға шығады. Алайда кенеттен сырқаттанып, ауруханаға түседі. 10 күннен өткен соң, Боби қатты инсульттан кейін толықтай сал болып оянады.

 Дәрігерлер «Locked-in-syndrome»(құлыптаулы синдром) деген диагноз қойды. Бұл айықпас ауруды жеңу мүмкін емес десе болады.

Санасы ояу, ақыл есі бола тұра Бобби арнайы құрылғыларсыз және біреудің көмегінсіз қозғала алмады, сөйлей алмады, тіпті тамақ ішіп, тыныс ала алмады.
Оның ендігі қалған өмірі осыншалық қайғылы және шарасыз болар еді…

 Жалғыз тіршілік белгісі міне, оның сол көзін жыпылықтата алғаны. Бұл Бобидің сыртқы әлеммен жалғыз байланысы еді. Бір рет кірпігін қағу «иә», екеуі — «жоқ» дегенді білдіреді.
 Уақыт өте келе достары мен дәрігерлері пациентпен сөйлесудің тағы бір әдісін ойлап тапты: олар француз тілінде қолдану жиілігіне қарай әріптерді ақырын айтып, нәтижесін дәптерге жазды. Дәл осы идеяның арқасында Боби ақырғы демі үзілгенше өзінің әңгімесі жайлы сыртқы әлемге «үн» қатады. Екі айдан астам уақыт бойы медбике Боби оған күн сайын арнайы әзірленген алфавитті оқыды, ол қалаған әріпке көзін жыпылықтатып белгі беріп отырды.

 Жан-Доминик бұл қиын процесті қандай да бір жолмен жеңілдету үшін басындағы барлық сөз тіркестерін,ойларын, сөйлемдерін бірнеше сағат бойы толғанады.


Күйініп қана отырған, тіршілігін тек қабағынан аңғартатын кемтар адамның солып бара жатқан денесінде жан бар, ал онда аяулы естеліктер мен ойлар, арман мен қиял бар. Сана соншалықты толассыз тасқын ойларға толған кезде қалықтап қана палатадан алыстап құдды бір көбелектер тәрізді ұшып, ақыр соңы өлімге бастап әкелетіні тым қайғылы…

«Скафандр мен көбелек» кітабы 1997 жылдың 6 наурызында басылып шықты және жарық көргеннен 2-ақ күн өткен соң Жан-Доминик Боби қаза тапты.

 Он жылдан кейін американдық режиссер Джулиан Шнабель фильм түсірді, фильм кітаптан кем емес атышулы болды.
Көптеген беделді номинациялар мен марапаттарға иегері атанды.

Өмірінің соңы дәрменсіздік пен қорлыққа, азапқа толы болғанына қарамастан, ол әлемдік әдебиет пен кинематографияда өз ізін қалдырып барып қаза тапты.