Әскери ортада есірткіге қарсы күрес күшейтіледі

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы халыққа Жолдауында есірткі қылмысын өзекті мәселе ретінде атап өтіп, оған қарсы күресті күшейтуді тапсырды. Осы тапсырманы орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полиция бас басқармасының бастығы, полковник Руслан Жақсылықұлы Кулумбетов гарнизондарда есірткі қылмысына жол бермеу қажеттігін қадап айтты.

1670998138_news_b.jpeg Әскери ортада есірткіге қарсы күрес күшейтіледі
toppress.kz

Үшарал гарнизонының Әскери полиция бөлімі бұл бағытта жұмысын күшейтіп, әскери ортада есірткі қылмысының алдын шарасын қолға алып жүр. Құқық қорғау органдары азаматтарды есірткіге қарсы күреске бірлесіп атсалысуға шақырады.

Егер сізде есірткі заттарын қолдану, тасымалдау немесе өңдеу туралы маңызды ақпарат болса, оны әскери полицияға хабарлауға болады. Барлық мәліметтер құпия сақталады.

Байланыс үшін:
Үшарал гарнизоны Әскери полиция бөлімінің аға анықтаушысы
Майор Нұржан Келісұлы
📞 8 702 784 88 58

Қоғам қауіпсіздігі үшін есірткі қылмысына бірге қарсы тұрайық!