Ақтөбеде жұлынған қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімі сотта жылап жіберді

Ақтөбе қызғалдақпен түскен суретін статусқа салған Жұбанов ауылдық округінің әкімі Ләззат Бердібаева сотқа шақырылды. «Қызыл кітапқа» енген қызғалдақты жұлуға қатысты заттай айғақтардың болмауына байланысты қылмыстық іс қозғалмайтын болды. Ауыл әкімі бүгін кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа келді. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы 1-бөлігі бойынша айып тағылып, іс қаралды. Онда «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және оған білім беру, оның құқықтарын және мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді, қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамау» туралы айтылған.
Сотқа Мұғалжар аудандық полиция бөлімі ювеналды полиция тобының аға учаскелік полиция инспекторы шақырылды. Айғақ болмауына қатысты қылмыстық іс қозғалған жоқ.