Әскердегі тәртіп пен сыйластық бірінші тұрады

Жағымсыз әрекеттердің алдын алу шарасы

Әскери орындағы тәртіп пен сыйластықтың орны бөлек. Тәртіп болған жерде түрлі қауіп пен бейбастақтықтың алдын алуға болады. Осы орайда ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының «Екіаша» шекара бөлімшесінде бөлімше бастығы аға лейтенант Р.Садуақас психолог маман Л.Мансұрқызының қатысуымен жеке құрам арасында жағымсыз әрекеттердің алдын алуға арналған профилактикалық шара өтті.

94d55907-b4c8-42ed-850a-606142481c1b Әскердегі тәртіп пен сыйластық бірінші тұрады

Іс-шара барысында әскери ұжымда өзара сыйластық пен тәртіпті сақтау, жағымсыз мінез-құлықтың салдары және оны болдырмау жолдары талқыланды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті