Қазақстан Екатерина Биволға іздеу жарияланғаны туралы ресми ақпарат шығарды

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің интернет-порталында Екатерина Биволға қатысты ақпарат пайда болды.

Жарияланған ақпаратқа сәйкес, 1990 жылы туған Екатерина Игоревна Биволға іздеу салынғаны туралы дерек 1 қарашада Астанада тіркелген. Оны іздестіруге Қазақстан ІІМ бастамашы болды. Іздестіруді Байқоңыр ауданының полиция басқармасы жүргізеді.

fb0545a22b7cbfab56f198653c85cc17-1024x303 Қазақстан Екатерина Биволға іздеу жарияланғаны туралы ресми ақпарат шығарды

Айта кетейік, бұған дейін ҚР ІІМ Екатерина Биволға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалып іздеу жарияланғанын хабарлаған еді. Ол қырғыз бен қазақ және өзге де ұлттарға тіл тигізгені үшін айыпталып отыр.