Алакөл ауданында мектеп оқушыларымен әскери жоғары оқу орындарына түсу жайлы кездесу өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы Достық ауылындағы Достық шағын орта мектебінің 10-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Снимок-экрана-2025-11-10-154042 Алакөл ауданында мектеп оқушыларымен әскери жоғары оқу орындарына түсу жайлы кездесу өтті

Кездесу барысында оқушыларға әскери жоғары оқу орындарына түсу тәртібі, талаптары мен артықшылықтары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сондай-ақ, шекара қызметінің беделі, әскери мамандықтың абыройы мен Отан қорғау ісінің маңыздылығы айтылды. Іс-шараның мақсаты – жастардың патриоттық рухын көтеріп, олардың әскери қызметке деген қызығушылығын арттыру болды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті