Жетісу облысындағы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында «Күз-2025» әскери қызметшілеріне арналған танымдық тренинг ұйымдастырылды. Іс-шара Техникалық және кәсіби даярлық бөлімінде өтіп, оның мақсаты – жас сарбаздардың психологиялық тұрақтылығы мен ұжымдық бірлігін күшейту.
Тренинг барысында қатысушыларға бірлескен тапсырмалар, топтық жаттығулар ұсынылып, жауапкершілік сезімін дамытуға, өзара қолдау мәдениетін нығайтуға басымдық берілді. Шараға арнайы мамандар қатысып, сарбаздардың моральдық-психологиялық дайындығын арттыруға бағытталған әдістемелік жаттығулар өткізді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жұмыстар әскери ұжым ішіндегі сенімді нығайтып, қызмет барысындағы үйлесімділікті арттыруға ықпал етеді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті







Post Comment