Жетісу облысы бойынша ҚР ҰҚК Шекара қызметі Панфилов ауданының Алтыүй ауылында жергілікті тұрғындармен және жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Іс-шараның басты мақсаты – Шекара академиясына түсуді жоспарлаған үміткерлерге ақпарат беру және келісімшарт бойынша әскери қызметтің артықшылықтарын түсіндіру болды.
Кездесу барысында әскери мамандықтардың қыр-сыры, әлеуметтік қолдау шаралары, мансаптық перспективалар және Шекара академиясына қабылдау талаптары кеңінен түсіндірілді. Шекарашылардың айтуынша, мұндай кездесулер ауыл жастарының әскери қызметке қызығушылығын арттырып, болашақ шекарашылар қатарын толықтыруға серпін береді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті







Post Comment