Панфилов ауданында «Жас шекарашы» үйірмесінің ашық есік күні өтті

Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының «Басқұншы» шекара бөлімшесінде Крылов орта мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушыларына арналған «Жас шекарашы» үйірмесінің ашық есік күні ұйымдастырылды.

Оқушылар шекарашының күнделікті қызметімен танысып, мемлекеттік шекараны күзетудің жауапты әрі мәртебелі міндетін өз көздерімен көрді. Әскери бөлімшенің ішкі тәртібі, жауынгерлік дайындық деңгейі, шекарашы мамандығының маңызы жөнінде кең ақпарат берілді.

Сонымен қатар патриоттық тәрбиеге бағытталған іс-шаралар өткізіліп, оқушылар мамандыққа қатысты сауалдарын қойып, жан-жақты мәлімет алды.