ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Қорғас шекаралық бақылау басқармасы Оқу орталығының жеке құрамы Жаркент қаласындағы бірқатар тарихи және мәдени нысандарға танымдық экскурсия жасады.
Сапар барысында әскери қызметшілер ХІХ ғасырдың сәулет өнері ескерткіші – Жаркент мешітіне, «Жаркент-Арасан» шипажайына, киелі Әулие ағашына, сондай-ақ Ә. Қастеев атындағы музейге барып, өңірдің мәдени мұрасымен жақынырақ танысты.
Экскурсияның негізгі мақсаты – жеке құрамның мәдени көкжиегін кеңейту, рухани-адамгершілік құндылықтарын арттыру және аймақтың тарихи-мәдени ерекшеліктерін тереңірек меңгеру.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі
Жетісу облысы бойынша департаменті







Post Comment