Вице-премьер Серік Жұманғарин Астана халықаралық форумын өткізуге 4,5 миллиард теңге жұмсалатынын айтты, деп хабарлайд Alakolmedia.kz.
Астана халықаралық форумы 29-30 мамыр аралығында өтеді.
«4,5 миллиард – шамамен бөлінген қаражат. Біз оны оңтайландыруға тырысамыз. Бірақ бізге шамамен осы қаражат керек. Негізінен бұл деңгейдегі форумдар үшін қалыпты қаржы», — дейді Серік Жұманғарин.
Жұманғариннің сөзінше, шараны өткізуге демеушілер тарту көзделген.
Айта кетейік, 2023 жылы өткен форумда сол кездегі Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 1 млрд теңге жұмсалғанын айтқан. Демек осы жолы шығын 4 есе көп болмақ.







Post Comment