Жетісу облысы Алакөл ауданы Арқарлы ауылының қадірлі қариясы Тұрлыбекова Қазыкен Тынысбекқызы 100 жасқа келген. Жақында ол осы ауданның халқына деп батасын берген еді.
Қазыкен әже 1926 жылдың 7 наурызында дүниеге келген. Ғасыр жасаған ана өмір бойы адал еңбек етіп, отбасы үшін тірлігін жасаған жандардың бірі.

Жастық шағы ауыр кезеңмен тұспа-тұс келген. Соғыс жылдарында ол колхозда еңбек етіп, қырықтықта жұмыс істеген. Сол қиын кезеңде елмен бірге арық қазып, ауыр жұмыстан қашпаған. Кейінгі жылдары жолдасымен бірге совхозда мал баққан.
Қазыкен әже бір ұл өсіріп, оны азамат етіп тәрбиелеп жеткізген. Бүгінде оның ұрпағы өсіп-өніп, үлкен әулетке айналды. Қарияның 7 немересі, 15 шөбересі және 2 шөпшегі бар.
Қазыкен әженің ұзақ ғұмыры мен еңбекке толы өмір жолы – кейінгі ұрпаққа үлгі.







Post Comment