Алакөлдің оқушылары республикалық жарыста облыстың намысын қорғап, 2-орын орынға ие болды

Алакөлдің оқушылары республикалық жарыста облыстың намысын қорғап, 2-орын орынға ие болды

Наурыздың 21-27 күндері Петропавл қаласында 2013-2014 жылдары туған қыздар арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің әр өңірінен мықты волейболшылар қатысты. Жетісу облыстық құрамасының қатарында ауданымыздың 3 қызы қатысты.

Жетісу облысының командасы чемпионатта екінші орынға ие болды. Сол құраманың қатарына Алакөл ауданының 7-сынып оқушылары: Жарасқызы Айсана, Әшірбай Жұлдыз және Ерік Айханым Ернарқызы қосылып, өз шеберліктерін көрсетті.

«Қазақстанның қыздар арасындағы волейболдан чемпионатында қыздарымыз 2-орын алып келді. Біз Жетісу құрамасы болып бардық. Әр ауданнан қосылып, Петропавл қаласында өнер көрсетті. Жалпы 16 құрама қатысты. Тартысты ойындар өте көп болды. Бірінші орынды Ақтөбе қаласы алды. Екінші біз, Жетісу облысы алдық. Үшінші орынды ШҚО алды. Жалпы осымен тоқтамаймыз. Қыздарымыз одан да биік додаларға шығады деген ойдамыз», — дейді оқушылардың жаттықтырушы Жұмаханов Данияр Мұратұлы.

Чемпионат барысында қыздар топтық және жеке сайыстарда өз өнерлерін паш етіп, төрешілер мен көрермендердің жоғары бағасына ие болды.

WhatsApp-Image-2026-03-30-at-17.06.50-1024x768 Алакөлдің оқушылары республикалық жарыста облыстың намысын қорғап, 2-орын орынға ие болды

Алакөл ауданы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектеп жүлделі болып қайтқан шәкірттерін құшақ жайып, салтанатты түрде қарсы алды. Мектеп директоры Қабдоллаева Құралай Сағатовна құттықтау сөз сөйледі. Мектеп оқушыларының алдында бұл үлкен жетістікті атап өтіп, алда үлкен үміт күтетінін айтып, ақ тілегін жеткізді.

WhatsApp-Image-2026-03-30-at-21.26.26-1024x682 Алакөлдің оқушылары республикалық жарыста облыстың намысын қорғап, 2-орын орынға ие болды
WhatsApp-Image-2026-03-30-at-21.26.15-1024x682 Алакөлдің оқушылары республикалық жарыста облыстың намысын қорғап, 2-орын орынға ие болды