Polisia.kz мәліметінше, Үштөбе қаласында жергілікті блогер кәсіпкерден ақша бопсалады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Alakolmedia.kz.
Ол қала тұрғындарына арналған тұрғын үйлерді салумен айналысатын кәсіпкерден 10 миллион теңге талап еткен. Ақшаны өз парақшасындағы кәсіпкердің құрылыс сапасына қатысты бұрын жарияланған видеоны өшіру және алдағы уақытта мұндай бейнематериалдарды жарияламау үшін сұраған.
Күдікті талап еткен соманың 7 миллион теңгесін алу кезінде қолға түсті. Операцияны ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері мен облыстық прокуратура жүргізді.
Қазіргі уақытта бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіні қамауға алу шарасын қолдану мәселесі қарастырылып жатыр.







Post Comment