Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Соттың төрағасы Асламбек Мерғалиевпен кездесті. Мерғалиевтің айтуынша, соңғы бес жылда еліміздің сот жүйесі үлкен жетістіктерге жетіп, бүгінде оның заңдылығы мен негізділігі 98,9% деңгейінде екені анықталды, деп хабарлайды Alakolmedia.kz.
Асламбек Мерғалиев сот жүйесі қызметінің былтырғы қорытындылары туралы мәлімет берді. Қаралған істер мен материалдар санының ұлғайғаны, сондай-ақ соңғы 5 жылда сот төрелігін жүзеге асыру сапасының ең жоғары көрсеткішіне (жергілікті соттардың сот актілерінің 98,9 пайызы заңды әрі негізі бар деп танылған) қол жеткізілгені жөнінде баяндады:
– азаматтық және әкімшілік істер бойынша сотқа дейінгі татуласу рәсімдері көптеп қолданылып жатыр;
– Алқабилердің құзыреті кеңейіп, олар қарайтын істердің саны (147-ден 261-ге дейін) екі есеге өскен.
Сонымен қатар, төраға кассациялық соттар құру, судьялардың тәуелсіздігін арттыруға арналған заңнамалық бастамалар мен алқалы соттардың рөлі (147-ден 261-ге дейін артты) туралы да сөз қозғады.







Post Comment