Бас прокуратураның мәліметіне сүйенсек, елімізде жалпы 2024 жылдың қорытындысы бойынша 132 778 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды Alakolmedia.kz.
Адам өлтіруден — 566, денсаулыққа ауыр зиян келтіруден — 1627, тонау — 1551, ұрлықтан — 30593, мал ұрлау бойынша— 151, кәмелетке толмағандардың қол сұқпауға қарсы қылмыстар — 874 және жасөспірімдер қылмысынан — 1 890 іс тіркелді.
Ал 2024 жылы алаяқтық көбейді. 45 156 іс тіркелді. Ал интернеттегі алаяқтық 22 870-ке өсті. Мұндай құқық бұзушылықтардың негізгі бөлігі телефон арқылы жасалатын алаяқтықпен басталып, кейіннен зардап шеккендерге несие ресімдеумен аяқталады. Осыған байланысты Бас прокуратураның тікелей үйлестіруімен банктерге және телекоммуникация операторларына қатысты 30 қылмыстық іс тіркелді.
2024 жылғы шілдеде Ұлттық банктің негізінде алаяқтыққа қарсы орталық құрылды, ол қатысушылардың заңсыз транзакцияларды анықтауына және жедел бұғаттауына және нақты уақыт режимінде ақпарат алмасуына мүмкіндік береді. Оған 60-тан астам ұйым (банктер, ірі төлемді, микроқаржылық ұйымдар және Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөлімшелері) қосылған.
Алаяқтыққа қарсы орталық 1,2 миллиард теңгенің аударымдарын бұғаттап, 81 миллион теңгені өз еркімен қайтартты.
Өткен жылы негізсіз байығаны үшін «дропперлерден» азаматтық тәртіпте ақшалай қаражат өндіріп алу практикасы енгізілді.
Мәселен, Павлодар облысында соттың 83 шешімі бойынша 110 миллион теңге, Шығыс Қазақстан облысында 100 миллионнан астам теңге өндіріп алынды.
Сонымен қатар байланыс операторларымен бірлесіп SIM-бокстарын анықтау әдістемесі әзірленді (оның иелерін сәйкестендірместен, шетелден интернет арқылы қоңырау шалуға мүмкіндік беретін жабдық).
Ішкі істер министрлігі 19 құрылғы мен 6 мыңнан астам SIM картаны анықтап, тәркіледі.







Post Comment