ҚР Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшілігінің бұрынғы кеңесшісі, экс-дипломат Сәкен Мамашқа қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы біздің тілшімізге оның бұрынғы жұбайы Карина Госманның адвокаты мәлімдеді, деп хабарлайды Alakolmedia.kz.
Тергеу ісі бір жылға жуық уақыт жүргізілді. Сәкен Мамашқа Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 110-бабының 2-бөлігі («Азаптау») бойынша айып тағылды. Егер сот оны кінәлі деп тапса, төрт жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Алайда экс-дипломаттың бұрынғы жұбайына қоқан-лоқы көрсетуіне қатысты екінші қылмыстық іс тоқтатылды.
Сот процесі елордада өтеді, бірақ оның нақты күні әлі белгіленген жоқ.
Карина Госман (ол кезде – Мамаш) Сәкен Мамаш тарапынан жүйелі түрде зорлық-зомбылық көргенін 2024 жылғы мамырда жария еткен болатын.







Post Comment