Шерзат Болаттың үйін өртегендер әлі табылмады

Талғарда 2024 жылы 4 қазан күні бір топ адам келіп дүкен иесі Қаржаубай Нұрымов, ұлы Шерзат Полат және ағасы Нұрқанатпен жанжалдасып, арты кісі өліміне ұласты. 16 жасар Шерзат Полат қаза болды. Бұл оқиғадан соң әкесі әділ сот талап етіп, жақындарымен және бір топ адаммен Талғарда көшеге шығып жолды жауып тастады. Осыдан кейін әкесі өзіне біреулердің қоқан-лоққы жасап жатқанын айтты. Кейін олардың үйі өртенді.

Ал тергеу ісіне келсек, 10 адам күдікті ретінде ұсталды. Сол кездегі екі әйел адам куәгер ретінде қалды. Ал желіге тараған бейнежазбаларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Негізінен бұзақылық, кісі өлтіру, қоқан-лоққы жасау, қылмысты құзырлы органдарға хабарламау сынды айыптармен қылмыстық іс қозғалды. 3 пышақ, 1 мылтық айғақ ретінде алынды.

 9 желтоқсан күні таңертең Талғардың шетінде қайтыс болған жасөспірім Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың денесі табылды. Полицияның алдын ала мәліметі бойынша, өлім себебі – дем жетпеу салдарынан тұншығу.

Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Бүгін Шындәлиев Шерзат Болатқа қатысты істің прокуратура органдарына тексеру, айыптау актісін жасау үшін берілгенін айтты. Сонымен қатар, журналистер оның үйін өртегендер анықталды ма деп сұрады. Бас прокурор орынбасарының мәліметінше, әзірге оның қолында нақты ақпарат жоқ.

«Тергеу жалғасып жатыр. Алдын ала тергеудің қандай нәтижелерге әкелетінін қазір айта алмаймын. Бірақ қандай да бір ақпарат пайда болған кезде, қоғамға хабарланады деп ойлаймын. Әзірге жоқ (Шерзаттың үйін өртеді деген күдікті табылған жоқ – ред). Менде ондай ақпарат жоқ», – деп қысқаша қайырды Шындәлиев.