Жетісулық Ілияс Құмарұлы самбодан Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды

Жетісулық Ілияс Құмарұлы самбодан Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Alakolmedia.kz.

Ақпанның 24-28 күндері Ақтау қаласында өткен спорттық және жауынгерлік самбодан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында Жетісу облысының намысын қорғаған Ілияс Құмарұлы 3-орын иеленді.

eafa43f3-1e49-4de0-8fe0-ee9ff14892e4-768x1024 Жетісулық Ілияс Құмарұлы самбодан Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бұған дейін, 2023 жылы Қарағандыда өткен ел чемпионатында топ жарып, Жетісу облысына тұңғыш алтын медаль әкелген спортшы биыл үшінші рет ел біріншілігіне қатысты. 2024 жылы Семейде ақтық сынға дейін жеткен Ілияс бұл жолы да мықтылығын дәлелдеді.

Айта кетейік, ол Алакөл ауданынан шыққан жауынгерлік самбодан алғашқы Қазақстан чемпионы. Ілияс ұлттық құраманың жаттықтырушысы Арнұр Нұрланұлының шәкірті.