Алматы әуежайында ер адам қызметкерді кепілге алды.
Оқиға 11:45-те болған. Ашулы жолаушы ұшу алдындағы тексеру аймағына өткен. Әуе қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері құжаттарын сұрағанда, ол тексерушіні шашынан ұстап, пышақпен қорқытқан. Жеті минут ішінде оны қарусыздандырды.
«МАӘ әуе қауіпсіздік қызметінің тексеру қызметкерлері ер адамнан құжаттарын көрсетуін талап еткен. Алайда ол тексеру қызметкерін шашынан ұстап, пышақпен қорқыта бастаған. Жеті минут ішінде оны әуежай аумағындағы желілік полиция бөлімінің (ЖПБ) және МАӘ әуе қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері қарусыздандырды. Қазіргі уақытта ер адам әуежайдағы желілік полиция бөлімшесінде, ал бұл оқиғаға қатысты тергеу амалдарын құқық қорғау органдары жүргізіп жатыр», деп хабарлады әуежай өкілдері.
Куәгерлердің айтуынша, шабуылдаушы алдымен терминал қызметкерінен құжат сұраған, артынша оның шашынан тартып бас салған. Оны ұстаған полиция емес, қарапайым жүк таситын қызметкерлер ұстап, қаруын тартып алды.







Post Comment