Дінтанушы балаларға аяғын уқалатқан ұстаздың әрекетін түсіндірді

Сарыағаштағы медреседе түсірілген даулы видео туралы дінтанушы Елнар Берікбаев Facebook парақшасында пікір білдірді, деп хабарлайды Alakolmedia.kz.

Оның айтуынша, Ислам ілімі бойынша мұндай әрекет мүлдем дұрыс емес.

«Мұхаммед (с.ғ.с): «Жұмақ – ананың аяғының астында», – деген. Ұстаздың емес», – деді Елнар Берікбаев.

Сондай-ақ, дінтанушы осы оқиғаға байланысты Рим императоры Марк Аврелийдің мысалын келтірді.

«Рим императоры Марк Аврелийдің қасында әрдайым бірге жүретін арнайы қызметкері болған. Ол қошемет көрсетілген сәтте императордың құлағына сыбырлап: «Сен жай ғана адамсың»,  деп ескертіп отырған. Біздің ұстаздарға да осындай, олардың қарапайым адам екенін еске салып отыратын қызметкер керек», – деді.

Еске сала кетсек, медреседен балаларға аяғын уқалатып отырған егде жастағы азаматтың әрекеті желіге тарап жұрттың наразылығын тудырған болатын.