Қазақстандық боксшы, 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов UFC басшысы Дана Уайтпен келісімшартқа қол қойды. Келісімшарт бойынша боксшы Уайттың жаңа бокс лигасында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Alakolmedia.kz.
Бұл туралы бокс пабликтері жарыса жазды. Елеусіновтың өзі де жазбаларды парақшасында жариялады.
«Биыл америкалық аренада жұдырықтасамын. Онда жұлдыз болу оңай, бірақ жарқырап тұру қиын. Өзімді дәлелдеуге дайынмын!» – деді Данияр Елеусізов.
Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы да әлеуметтік желіде жазба жариялады. Басқарма өкілдері спортшыға сәттілік тіледі.
«Данияр Елеусінов Дана Уайттың бокс лигасында бақ сынайды. Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов UFC басшысы Дана Уайт пен Турки Аль Аш-Шейх құрған TKO промоушнымен келісімшартқа қол қойды», — деп мәлімдеді басқармадағылар.
Данияр Елеусінов — Дана Уайттың жаңа бокс промоушеніндегі алғашқы қазақстандық боксшы.







Post Comment