Астанадағы тұрғын үйдің лифтінде жасөспірім шабуыл жасаған бес жасар баланың қазір сол жақ беті қозғалмайды, деп хабарлайды Alakolmedia.kz Tengrinews сайтына сілтеме жасап.
«Сол жақ беті қозғалмайды. Дәрігерлер қалпына келу процесі ұзаққа созылуы мүмкін екенін айтты. Басқа ота қажет пе, жоқ па, оны әзірге ешкім нақты білмейді. Бір жыл ішінде сауығудың қалай жүретіні белгілі болады», – деді баланың анасы.
Қазір бала жүйке мен бұлшықеттердің қызметін қалпына келтіруге бағытталған физиотерапиядан өтіп жатыр, алайда мамандар нақты болжам жасай алмай отыр. Дәрігерлердің айтуынша, оңалудың тиімділігі ағзаның ерекшеліктеріне, емдеу шараларының нәтижелілігіне байланысты. Баланың анасы бет жүйкесінің қызметін қалпына келтіруге көмектесетін дәрігерлерден көмек сұрайды.
Еске салсақ, 11 ақпанда елді дүр сілкіндірген оқиға болды. Жасөспірім тұрғын үйдің лифтінде бес жасар балаға пышақпен шабуыл жасады. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желілерде таралып, қоғамда үлкен резонанс туғызды.







Post Comment