Израиль армиясы (ЦАХАЛ) 18 наурыз күні Газа секторындағы ХАМАС нысандарына ауқымды әуе соққыларын жасады. Әскери басшылық бұл шешімді «саяси жағдайға» байланысты қабылдағанын мәлімдеді. Reuters және Al-Jazeera агенттіктерінің мәліметіне қарасақ, шабуыл салдарынан бірнеше адам қаза тапқан, деп хабарлайды Alakolmedia.kz.
Қауіпсіздік шаралары аясында Израиль билігі шекара маңындағы елді мекендерде барлық оқу орындарының жұмысын уақытша тоқтатты.
19 қаңтарда Израиль мен ХАМАС арасында уақытша бітім орнап, гуманитарлық көмектің Газадағы жағдайды жеңілдетуіне мүмкіндік туған еді. Келісімнің алғашқы кезеңі наурызда аяқталған соң, Израиль оны ұзартуды талап етті, ал ХАМАС барлық әскер шығарылмайынша келіссөздер жалғаспайтынын мәлімдеді.
Үш аптаға созылған уақытша тыныштықтан кейін тараптар ортақ мәмілеге келе алмай, қайта шаубыл басталып кетті.







Post Comment