ҰБТ тапсырғанда ережеге бұзған 121 талапкердің тест нәтижелері жойылды

Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы мәлімдеді. Талапкерлердің 43-і тыйым салынған заттарды тестілеуге алып кіруге тырысқан.

«55 талапкер тестілеу кезінде ережелерді бұзған. Ал 23 адамның сертификаттары тестілеудің бейнежазбаларын тексеру нәтижелері бойынша жойылды», деп хабарлады орталық. 

Наурыз айы басталғалы бері 88 мыңға жуық талапкер тест тапсырды. Қатысушылардың 72% — ы шекті балдан асқан. Орташа балл 65, ең жоғары балл – 139 балл болды.