Бұрынғы министр түрмеден шығудан бас тартты

Экс-министр және «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартты.

Ол өзіне берілген 14 жылдың 9-шы жылын өтеп жатқан болатын.

2022 жылдың наурыз айында әлеуметтік желіге оның түрмедегі бейнежазбасы тарады. Кадрда экс-министрдің былғары қолғаппен жаттығып жатқаны көрінеді. 

https://www.instagram.com/reel/CbuAKagPyF2/embed/captioned/?cr=1&v=14&wp=822&rd=https%3A%2F%2Fkaz.orda.kz&rp=%2Fburyngy-ministr-tyrmeden-shygudan-bas-tartty-131869%2F#%7B%22ci%22%3A0%2C%22os%22%3A20531.199999809265%2C%22ls%22%3A19727.299999952316%2C%22le%22%3A20527.199999809265%7D

Айта кетейік, 2016 жылдың жазында ол ірі көлемде пара алды деген айыппен 14 жылға бас бостандығынан айырылды және сот оның барлық мүлкін тәркілеген болатын.