Елімізде су тапшылығы 50%-ға жетуі мүмкін

Сенатор Сәкен Арубаев елдегі су тапшылығы мәселесін көтерді, деп хабарлайды Alakolmedia.kz.

Сәкен Арубаевтың айтуынша, Қазақстанда көп ұзамай су тапшылығы болуы мүмкін. 

«Ел аумағындағы су ресурстарының 46 % -ы көршілес елдерден келеді. БҰҰ болжамына сәйкес 2040 жылға қарай Қазақстанда су тапшылығы 50 %-ға жетуі мүмкін. Елдегі гидротехникалық құрылыстардың 70 %-ы тозып, 20 %-ға жуығы апатты жағдайда тұрғаны жіберілген судың 40 %-ының ысырап болуына әсер етіп жатыр», — деді ол. 

Сенатор судың тапшылығына оны тиімсіз пайдалану мен үндемдеу мәдениетінің жоқтығы әсер ететінін айтты. Су мамандарының тапшылығы да негізгі мәселелердің бірі екен. 

Еске сала кетейік, Солтүстік Аралды сақтау жобасының алғашқы кезеңі нәтижесінде теңіздегі су көлемі 42 пайызға ұлғайды.