Шәріп Серік сүйіктісін ұрғанын мойындап, мәлімдеме жасады

Актер Шәріп Серік әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаға қатысты мәлімдеме жасады. Ол сүйіктісін ұрғанын мойындап, кешірім сұрады.

Еске салайық, танымал актер жүріп жүрген қызы Әлия Ботееваға қол көтерді. Оқиғадан кейін Шәріп Серік алғаш рет желіде кешірім сұрап, бейнежазбасын жариялады. 

«Мен өзімді ақтағым келмейді. Мен қателік жасадым және заң алдында жауап беруге дайынмын. Ұрыс кезіндегі ыза мен ашу сезімі барлығыңызға таныс болар. Бірақ менің қателігімді қайталамаңыздар және қол көтермеңіздер. Мен Әлияны ұрдым, ол үшін мен одан, оның отбасынан және менің теріс қылығымнан зардап шеккендердің бәрінен кешірім сұраймын», — деді актер.

Шәріп Серіктің бұрынғы ғашығы мен әйелі тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы мәлімдеді. Бұл мәлімдемелер оның актерлік мәнсабын күйретті. Компаниялар келісімшарттың бәрін тоқтатып жатыр.

Блогер Әлия Ботеева әлеуметтік желіде Серік Шәріпке ұқсайтын ер адам оның қолтығынан жұлқып әкеткен бейнежазбасын жариялады. Бойжеткен таяқ жегендей қызарған бетінің суреттерін де қоса жариялады.

«Сүйген адамымның маған қол көтергені жайлы айтып отыру — үш ұйықтасам да, ең қорқынышты түсіме кірмеген шығар. Алайда солай болды. Мен өз жазбам арқылы айтқым келетін жалғыз нәрсе. Өкінішке қарай, мен дереу арыз жазып, дереу қарсы тұруым керек еді», – деп жазды Ботеева Instagram парақшасында.

Шәкенти лақап атымен танымал Серік Шәріп «Біздің жігіттер», «Бизнесмендер», «Жігіттер хикаясы», «Наурыз» және т.б фильмдерде ойнаған.

Ботееваның бұл мәлімдемесіне Шәріптің бұрынғы әйелі, 2021 жылы ажырасқан рэпер Мөлдір Есембек (Say Mo) жауап берді:

«Бір болған оқиғаның қайталанатыны өкінішті. Қиянатшылдар менсінбей, өз кінәсін мойындай алмай жатыр. Мұндай адамдар өзгермейді», – деді Мөлдір Есембек. 

Sәlem Entertainment компаниясы актер Шәріп Серікпен әріптестік қарым-қатынасын тоқтату туралы шешім қабылдады.

«Соңғы оқиғаларға байланысты, Sәlem Entertainment ұжымы Шәріп Серікті «қара тізімге» енгізіп, бүкіл келісімшартты толығымен тоқтатты. Бұған дейін жарияланған «Шакал» сериалы мен «Qarga» сериалының үшінші маусымы ресми түрде жабылды. Сонымен қатар, актер «Meow» сериалының екінші маусымында басты рөлдердің бірін сомдауы тиіс болған, алайда ол жобадан толықтай алынып тасталды», – деп хабарлады Sәlem Entertainment компаниясы.

Сондай-ақ «Патруль: последний приказ» фильмінің шығармашылық ұжымы актер түскен көріністерді кинонұсқадан алып тастамақ. Актермен жасалған бүкіл келісімшарттар тоқтатылды.