Тоқаев «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммитінде Украина жайлы не деді?

Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқанда өтіп жатқан бүгінгі саммитте Украина жайлы пікір білдірді.

Мемлекет басшысы өз сөзінде екі ел арасындағы келіссөздерді қолдайтынын мәлімдеді.

«Қазақстан жанжалдарды бейбіт жолмен шешуді үнемі қолдайды, сондықтан Украина бойынша келіссөздердің басталуын құптаймыз, мәселенің күрделілігін толық түсінсек те, тиімді нәтиже болады деп үміттенеміз», – деді ол.

Айта кетейік, президент «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммиті мен «Жаһандық климат сын-қатерлеріне қатысты Орталық Азия» халықаралық конференциясына қатысу үшін Самарқандағы Конгресс-орталыққа келген болатын.