Димаш жанкүйерінің арманын орындады

Кеше Ақтау қаласында өткен «Ақтау — Түркі әлемінің мәдени астанасы» концертінде Димаш Құдайбергеннің әндерін жан-тәнімен қосыла шырқаған көрермен желіде көптің жүрегін елжіретті.

Концерттен соң, Димаш Құдайберген ақтаулық 23 жастағы жанкүйерімен арнайы кездесті.

«Бүгін – менің өмірімдегі бақытты күндерімнің бірі. Бұрын Димашты сахнадан, телеарнадан ғана көрсем, енді жақыннан көріп тұрмын. Арманым орындалды», — деп ағынан жарылды ол.