Сенбі күні 5 сәуірде бүкіл ел бойынша АҚШ президенті мен оның кеңесшісі Илон Масктың саясатына қарсы 1200-ден астам демонстрация өтті.
Reuters хабарлағандай, наразылық 50 штаттың барлығын қамтыды. «Менің президентім емес!», «Маск Марсқа кетсін», «Зұлымдықты тоқтатыңыз», «Әлеуметтік қамсыздандырудан қолыңды тарт!» деген плакаттармен митингілер федералдық мекемелердің, қала әкімшіліктерінің, штаттардың заң шығарушы жиналыстарының, конгрессмен кеңселері ғимараттарының алдында өтті.
БАҚ хабарлауынша, бұл Трамптың екінші мерзіміндегі ең ірі акцияға айналды.
Адамдар мыңдаған федералдық қызметкерлердің жұмыстан шығарылуына, тұтас агенттіктердің жабылуына, иммигранттардың жер аударылуына, транс-адамдарды қорғаудың қысқаруына және денсаулық сақтау бағдарламаларын қаржыландырмауға наразы. Олар қарттар мен мүгедектерге жәрдемақы төлеуге жауап беретін басқармаға баж салығы енгізіліп, қысқартулар болып жатқанына қарсы.
Әлеуметтік сауалнамаларға сәйкес, америкалықтар Трамптың президент лауазымындағы алғашқы айларынан-ақ оның құйтұрқы шешімдеріне көңілдері толмаған. Қатысушылар оның сайлау алдында бағаны төмендетуге уәде бергеніне, ал нәтижесінде бүкіл әлеммен сауда соғысын бастағанына наразы.
[media=https://x.com/trajaykay/status/1908618847642611734]
Наразылықтың Маскке де қатысы бар. Tesla негізін қалаушы ірі бизнесті саясатқа өрескел араластырып жіберген. Бизнесменнен кек алу үшін олар, электр көліктерін өртеп, олар тұрған салондарға шабуыл жасап жатыр.
Наразылық акциялары сондай-ақ Берлин, Франкфурт, Париж, Лондон, Римде өтті.
Жақында Дональд Трамп импорттық тауарларға жаңа сауда баждарын енгізді. АҚШ қосымша тарифтерді қолданатын елдердің арасында 27% мөлшерлеме берілген. АҚШ президенті Дональд Трамп 185 елге баж салығын енгізді.







Post Comment