АҚШ-та заңсыз жүрген қазақстандықтар Өзбекстанға жөнелтілді

Өзбекстаннан, Қазақстан мен Қырғызстаннан барып заңсыз қоныстанған 100-ден астам адам АҚШ-тан депортацияланды. Олар қазақстандықтарды әрі қарай еліне жетуге оңай болу үшін Ташкентке жөнелтті.
Нью-Йорктен Ташкентке ұшып кеткен ұшақ бортында 131 мигрант бар.
«Бұл Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстан азаматтары. Қырғызстан мен Қазақстан азаматтары Өзбекстаннан тікелей өз елдеріне жол тартады деп күтілуде» деп хабарлады телеарна.
Өзбекстан өз азаматтарын қайтару жөніндегі шығындарды толығымен өз мойнына алды. Бұл АҚШ президенті Дональд Трамптың қызметіне кіріскенінен бері шетелдік үкіметпен осындай алғашқы мәмілесі.

Өзбекстан СІМ атап өткендей, әңгіме визалық режимді бұзған және АҚШ-та заңды болу мерзімі өтіп кеткен азаматтар туралы болып отыр.

АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігінің мәлімдемесінде бұл депортацияны тарихи операция деп атады.