Вашингтонда Ақ үйден 2 шақырым жерде орналасқан мұражайда Израиль елшілігінің 2 өкілін атып кетті.
Reuters-тің мәліметінше, Вашингтон полициясының басшысы Памела Смит қылмыскер 4 адамға оқ атып, салдарынан 2 дипломаттың көз жұмғанын айтты. Оқиғаға дейін бөтен ер адамның сол мұражайдың алдында әрі-бері өтіп жүргенін көрген.
Күдікті ұсталды. Ол Чикагодан келген 30 жастағы Элиас Родригес есімді азамат болып шықты. Ұсталған кезде ол: «Палестинаға бостандық!» деп айғайлаған.
Осыдан кейін БАҚ өкілдері премьер-министр Беньямин Нетаньяху Израильдің бүкіл әлемдегі елшіліктеріндегі қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырғанын хабарлады. ҚР басшылығы былай деді:
«Біз Израильдің АҚШ-тағы елшілігінің екі қызметкерін Палестинаны жақтайтын террорист өлтіргенін айыптаймыз», – деп жауап берді олар.
Дипломатиялық қызмет қорғау жайлы сұраққа бұл ақпараттың құпия екенін ескертіп, еш жауап бермеді.







Post Comment