Есірткі тасымалдаған парақор прокурорлар ұсталды

Бірі есірткі тасымалдады, екіншісі пара алды деген күдікке ілінген прокурор Олжас Әлиев және Самат Қаниев ұсталды.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызылорда облысы прокуратурасының қызметкері Олжас Әлиевті ұстады.

Ол марихуана сатты деген күдікке ілінген. Орданың дереккөздері Әлиевтің Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің бөлімінде қызмет атқарғанын хабарлады. Ол қамауға алынды.

Ұлытау облысының прокуроры Самат Қаниев те қамауға алынды. Ол бір миллион теңге пара алған-мыс. Тергеу ол ақшаны жәбірленушіден «істі шешуге көмектесемін» деп уәде етіп алған деп есептейді. Самат Қаниев туған өлкесі Қызылорда облысында ұсталды.