«Ордабасы» командасының ойыншыларына 2 млрд 300 млн теңге көлемінде заңсыз бонус берілген.
Бұл туралы прокуратураның үйлестіру кеңесінде айтылды. Командаға легионер ретінде шақыртылған бірқатар шетелдік спортшыға ресми түрде ай сайын 2 миллион теңге жалақы төленген. Бірақ келісімшартқа қосымша енгізу арқылы оларға үстеме ретінде ай сайын тағы 18 миллион теңгеге дейін бонустар беріліп келген. Осындай жеңілдікке кемі 20 футболшы ие болған. Оның 12-і шетелдік спортшылар. Нәтижесінде оларға берілген заңсыз бонус көлемі 2 миллиард 300 млн теңгеге жеткен.
Бұл оқиғаға қатысты іс әлі тергеліп жатыр.







Post Comment