ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданының «Басқан» шекара бөлімшесінде нашақорлықтың алдын алу мақсатында кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға нарколог маман Н. Акибева қатысып, әскери қызметшілермен әңгіме өткізді.
Кездесу барысында маман зиянды әдеттердің адам денсаулығына және қызметтік тәртіпке тигізер кері әсері туралы айтып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын түсіндірді.
Бұл шара – шекара қызметі әскери құрамында нашақорлықтың алдын алу және жастар арасында дұрыс өмір салтын насихаттау бағытындағы жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі
Жетісу облысы бойынша департаменті







Post Comment