Шекарашылар 2025 жылға арналған бақылау сабақтарынан өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасының жеке құрамы 2025 жылға арналған бақылау-тексеру сабақтарын тапсыру үстінде.

Сабақтар барысында әскери қызметшілер кәсіби дайындық, жалпы әскери білім және дене шынықтыру нормативтері бойынша сынақтардан өтіп, өздерінің қызметтік шеберлігі мен дайындық деңгейін көрсетті.

Бұл шараның мақсаты – шекарашылардың кәсіби біліктілігін арттыру, жауапкершілігін күшейту және қызмет сапасын жоғары деңгейде қамтамасыз ету.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі
Жетісу облысы бойынша департаменті