70 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

e9bb0f83a1deb4e5d3d1afe3251f8499_1280x720 70 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Алакөл ауданында халықтың әлеуметтік осал топтары және көпбалалы ана санатындағы 70 отбасы  жаңа баспанамен қамтамасыз етілді. Атап айтқанда, Үшарал қаласында 41, Қабанбай ауылында 15, Бескөл ауылында 10 және Қазақстан ауылында 4 жеке тұрғын үйдің кілттері тапсырылды.

Жалпы, аудан бойынша тұрғын үй кезегінде 4 санат бойынша 1659 азамат тіркелген.

Алакөл ауданында аудан халқының әлеуметтік ахуалын жақсарту, тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында Үшарал қаласы, Қабанбай, Қазақстан, Бескөл ауылдарында 60 жалға берілетін жеке тұрғын үй сатып алынды.

Сондай-ақ, облыстық бюджеттен қаражат қарастырылып, Қабанбай ауылында 10 жалға берілетін жеке тұрғын үй салынды. Тұрғын үй құрылысын аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің тапсырысы негізінде мердігер «Enif stroy»  ЖШС атқарды.

Аудан орталығында баспана салу мәселесіне соңғы жылдары баса назар аударылып, ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жыл басынан бері Үшарал қаласында 60 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй қолданысқа беріліп, 60 отбасы баспаналы болды.

Келер жылы отбасыларды тұрғын үймен қолдаудың кешенді моделі әлі де жалғасатын болады.