«Алакөлдің жеңісі»: Спортшыларымыз республикалық турнирге жолдама алды

Қаңтар айының 10-12 күндері Талдықорған қаласында Комбат джиу-джитсудан Жетісу облысының чемпионаты Республикалық чемпионатқа іріктеу жарысы өтті, деп хабарлайды Alakolmedia.kz.

Облыстық чемпионатта Жекпе-жек спортынан ұлттық құраманың бас бапкері Арнұр Нұрланұлы жаттықтырған спортшылар командалық есепте бірінші орын алды.

Асқарқызы Диана 1-орын, Қабиден Нұрсұлтан 1-орын, Керімхан Нұрислам 1-орын, Белоусов Максим 1-орын, Серікқали Бақдәулет 1-орын, Зәурембек Нұрсұлтан 1-орын, Қалибек Асылжан 1-орын, Қанатұлы Абылай 1-орын, Қабиден Нұрали 1-орын алды.

Сондай-ақ, Чернобаев Илья 2-орын, Жұмабек Арнұр 2-орын, Мамет Сұлтан 2-орын, Сабыржан Бексұлтан 2-орын, Анарбекұлы Мерей 2-орын, Шыңғысхан Әлібек 2-орын, Туребек Елхан 3-орын, Мисюрин Александр 3-орын, Шыңғысхан Ерден 3-орын, Марат Ерасыл 3-орын, Амантай Бейбарыс 3-орын, Нурболысов Мирас 3-орын, Калиев Санжар 3-орын, Қалибек Расуламин 3-орын иеленді.
Алдағы уақытта іріктеу кезеңге өткен жас спортшылар республикалық жарыста Комбат джиу-джитсудан облыстың намысын қорғайды.