Діни толлеранттылық және гуманизм: Үшарал әскери гарнизонында экстремизмге қарсы іс-шара өтті

Үшарал қаласы №40398 әскери бөлімінде экстремизмге қарсы іс-шара өтті. «Діни білімнің таяздығы — адасушылыққа апарады» атты ақпараттық іс-шараға жас сарбаздар мен әскери қызметкерлер қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – терроризмнің қауіптілігін айтып, жастардың теріс діни ағымға түсіп кетпеуі үшін насихаттар жүргізу болды. Алакөл ауданының орталық кітапханасының меңгерушісі Әсел Күмпейісова өткізген іс-шарада «Тіл» әдістемелік орталығының меңгерушісі Сейтхан Райхан мен Alakol TV тілшісі Қайратқызы Дидар баяндамалар оқыды. Сонымен қатар, кітапхана библиографы А.Бодауова кітап көрмесімен таныстырды. Іс-шараға 240 адам қатысты.

Alakolmedia.kz сайты сол іс-шарада айтылған баяндаманы ықшамдап назарларыңызға ұсынады.

Адам қандай жағдайда құдайды іздейді ? Қандай жағдайда дінге беріліп кетеді?

Біріншіден, ішкі құндылықтар жоқ кезде, рухани жұтаң болғанда адам өмірдің мәні жайлы сауалдарына жауап іздеп, сол жауапты діннен тауып, ішін толтырғысы келеді. Міне, осындай кезде адамды теріс жолға тарту оңай. Себебі, онда рухани діңгек жоқ.

Екіншіден, депрессияда, апатияда, күйзеліске түскенде адам құдайды іздейді. Сынып, жігері құм болғанда ол жоғарыдан бір тылсым күш дем береді деп үміттенеді. Әрине, адамның мұндай кезін пайдаланып, іші бауырына кіріп, оған сөзіңді өткізу оңай.

Білімсіздіктен осындай жағдайларда адам түрлі сөздерге еріп кетіп жатады. Сіздерге мұндай жолдардан өздеріңізді және жақындарыңызды қорғаудың бір ақ жолын айтқымыз келеді. Сол бәріміз іздейтін құдаймен байланыс ол жеке адамның өзінің ғана дүниесі. Оған үшінші, басқа бір адам келіп кіріспеуі керек. Мысалы сіз құдаймен тек өзіңіз сөйлесесіз, намаз оқисыз, іштей тілек тілейсіз, не істесеңіз де, ол сіздің шаруаңыз. Сырттан біреу келіп сіздің Құдаймен байланысыңызға араласпауы керек. Себебі ол адам ертең сіз үшін жауап бермейді. Құдайдың алдында да, ар алдында да әркім өзі үшін өзі жауап береді.

Тарих

Менің ойымша адам қаншалықты білімді болса, соншалықты ол адамды басқару, діни теріс жолға салып жіберу қиын болады.Дінге сенетін адамды басқару өте оңай деп айтып жатады. Иә, оңай себебі оны қасиетті кітабында жазылып тұрған сөздерді қолданып, басқаша әрекеттерге итермелеуге болады. Иә, Мұхаммед пайғамбарымыз мүминдеріне осылай деп айтқан екен деп әңгімені бастап кетеді. Аңқау адам дін атынан сөйлеген соң еріксіз сол адамның сөзіне нанады.

Егер тарихқа үңілсек, адамдар құдайдың атымен бірін бірі өлтіріп, түрлі соғыстар жүргізді. Мысалы 15-16 ғасырдағы еуропадағы инквизицияны алсақ, христиан дінінің атын жамылып, шіркеудің адамдары занамауи испандық ғалымдардың дерегіне сүйенсек, 150 мыңдай адамды азаптап өлтірді. Оларға дінге сенбейді, дінге бағынбайды деп айып тақты. Шын мәнінде жазықсыз адамдардың қаны судай ақты. Сол секілді тарихта Ислам дінін тарату үшін де жорықтар болды. Мұның бәрін неге айтып тұрмын? Бұл өткен тарих. Одан үйренетініміз жалғыз-ақ нәрсе. Бұлар дін үшін біреуді өлтіруге, жек көруге, басып-жаншуға дейін барды. Сол қателікті біз қайталамауымыз үшін ғасырлар бойы осындай ескі түсініктерге, соқыр сеніммен жасалатын қатыгездікке қарсы революциялар болды, яғни қараңғы сенімге қарсы көтерілгендер болды. Біз сол күрестерді ешқашан аяқ асты етпеуіміз керек.

Біздің ислам дінімізде Әбу Насыр Әл Фараби деген данышпан болған. Астрономия, физика, математика, поэзия, музыка ғылымдарының негізін салып кеткен ұлы данышпан. Аристотельдің шәкірті. Оның заманында да дінді пайдаланып, саясаткерлер адамдарды ел алдында жазалап, басын алып, таспен атып жататын. Бірақ осы данышпан гуманистік ойлардың жақтаушысы ретінде мұндай қатыгездіктердің бәріне қарсы шықты. Қазіргі замандағы экстремизм, терроризм жайлап жатқан себебі осындай қараңғы, қатыгез, соқыр сенімнің әсері. Егер біз сол ұлы данышпандарды үлгі етіп, өзімізді дамытып, білім алып, гуманистік ойларды ту етсек, біздің арамызға мұндай экстремизм де, сәләфизм де кіріп іріткі ешқашан сала алмайды.

Гуманизм дегеніміз не? Гуманизм — адам құқығын, адамның бақытын, адамдардың теңдігін бірінші орынға қоятын философиялық көзқарас. Яғни, адамға қатыгездік көрсетпеу, адамның құқығын шектемеу, адамды басынбау, бөлмеу.

Төрт ереже

Адамды дініне, ұлтына, тұрған жеріне, көзқарасына қарап бөлуге болмайды.

Біріншісі, Мейлі ол еврей, будист, христиан болса да оған сен адам ретінде, құрметпен қара. Оны дініне қарап емес адами құндылығына, мейірімділігіне қарап баға бер. Ол мүмкін будист шығар. Бірақ ол оның адамдық көрсеткіші емес.

Екіншісі, мүмкін ол адамның ұлты орыс шығар. Ұйғыр, татар, башқұрт шығар. Бірақ оның адами құндылығына, яғни мейірімділігі, кішіпейілдігі бар шығар. Егер жоқ болса араласпау, араласуды өздеріңіз шешесіздер. Бірақ оны ұлтына қарап бөлмейміз. Себебі ол орыс болайыншы, башқұрт болайыншы деп таңдамады. Тағдырдың жазуымен дәл өзіңіз секілді сол отбасында дүниеге келді.

Үшіншісі, ол адам мүмкін басқа өңірден шығар. Батыстікі, оңтүстікі, солтүстіктің тумасы шығар. Кейде ру ру бөлінеміз, жер жерге бөлінеміз. Бұны трайбализм дейді. Бұл жерде де адамның қай жерде туылатынын таңдап алмағанын, тағдырдың жазуы екенін ескеріп бөлмеу керек.

Сосын соңғысы көзқарасына бола адамды жек көрмеу. Толлеранттылық деген сөз бар. Яғни адамның өзгеше көзқарасына құрметпей қарай алу. Діни төзімділік, діни толлеранттылық деген түсінік бар. Яғни адамның сеніміне қарап, сенің ойыңа ұқсамайтын көзқарас айтса, оны жек көрмей түсіне алу. Ол солай ойлайды, оның ойын өзгертемін деп ұрсысып, одан арыға бару артық болады.

Құдай біздің жүрегімізде

Сонымен қатар никаб киіп кететін қыздар болады, қаба сақал, шолақ сыс киген еркектер болады. Олардың сырт келбеті діни көзқарасын ашық көрсетіп тұр. Сыртқа ашық көрсету-көрсетпеу жағы өз еркілеріңіз. Дегенмен ертеде бір данышпан былай депті: «Құдай бізді төбемізден, сыртымыздан емес, ішімізден бақылап отыр».

Бұнымен не айтқысы келді? Адамның адамдығы, құндылығы, өзгені құрметтеп, мейіріммен қарай алуы сыртта емес, ішкі жан дүниесінде, санасында, жүрегінде.

Біздің басты күшіміз гуманизм — яғни адамның құқығы, адамның бақыты жайлы ойларды қоғам санасына сіңіру, толлеранттылық — өзгені қай дінде болса да, қай жерде туған болса да, қандай ұлт болса да, қандай көзқарас та болса да төзіммен, түсіністікпен қарай алу.