«Білім ал, шәкіртақы ал»: Жұмыссыздарға мүмкіндік берген өндіріс

«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген дана халқымыз. Қарапайым халықтың арасынан өз тірлігін дөңгелетіп, жеке кәсіп бастап жүргендер аз емес. Қазіргі таңда экономикалық жағдайдың аудан халқына, ауылды жерлердегі елге әсері тиетіні сөзсіз. Бұл өңірлерде жұмыс табу – үлкен мәселе. Әсіресе, үйде отырған көп балалы әйелдер үшін өзекті тақырып. Alakolmedia.kz тілшісі осы орайда қарапайым халыққа мемлекет тарапынан қандай қолдаулар көрсетілетінін Алакөл ауданындағы Көктұма ауылындағы жиынға қатысып біліп қайтты.

Білім де бар, шәкіртақы да бар

Президентінің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазакстан халқына Жолдауы негізінде Үкіметінің қаулысымен биылғы жыл Жұмысшы мамандықтар жылы деп аталды. Осы орайда Алакөл ауданы Көктұма ауылының тұрғындарымен және жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу Көктұма ауылының мектебінде өтті. Алакөл ауданындағы «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының басшысы Ардақ Тоқтабаев, аудандық «AMANAT» партиясының төрағасы Қайрат Көкебаев және аудандық мәслихаттың депутаты, Көктұма ауылдық мектебінің директоры Алмагүл Қасымжанова, «Alakolbrand01 инновациялық тігін өндірісінің» басшысы, жеке кәсіпкер Нағима Ермозанова қатысты. Олар ауыл тұрғындарына мемлекеттік қолдаулар мен кәсіпкерлікті дамыту жолдары туралы ақпарат берді.

«Ахмет Байтұрсынов өз заманында бай болу – кәсіптен екенін айтқан. Міне, жұмысшы мамандықтар жылына орай сіздермен кездесуге келдік. Қазіргі қоғамға жұмысшы мамандар керек. Кез келген нәрсе 1 пайыз талант, 99 пайыз еңбекпен келеді. Біздің мақсатымыз осы. Жұмыссыз жүрген азаматтарға қолдау көрсетіп, бағыт бағдар беру», – деді Қайрат Көкебаев.

fee3dc03-d1fd-4e6b-83f5-8318a40428fd-1024x682 «Білім ал, шәкіртақы ал»: Жұмыссыздарға мүмкіндік берген өндіріс

«Alakolbrand01 инновациялық тігін өндірісі» мемлекеттік қайтарымсыз грант арқылы ашылып, ауыл тұрғындары үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Жобаның негізін қалаған кәсіпкер Нағима Ермозанова халықтың қамын ойлап, ауыл әйелдеріне тігін ісін үйретіп, жұмыспен қамтып отыр.

e3aacbf0-cfd9-41f6-b805-9a64b9d4cfc7-1024x682 «Білім ал, шәкіртақы ал»: Жұмыссыздарға мүмкіндік берген өндіріс

Бұл бастаманың ең басты жаңалығы – мұнда тек жұмыс қана емес, білім де беріледі. Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстары ұйымдастырылып, тігіншілікке қоса аспаз және IT-технология мамандықтары оқытылады. Бұл жұмыссыз әйелдер үшін үлкен мүмкіндік. Өйткені, оқып, білім алған адам өмір бойы өз еңбегімен күн көреді, біреудің қолына қарамайды.

Оқу барысында қатысушыларға мемлекет тарапынан шәкіртақы төленеді. Бұл олар үшін үлкен қолдау, әрі жаңа кәсіпті үйренуге деген ынталарын арттырады.

7676856c-0f37-487e-a0c1-e83f396dc6aa-1024x682 «Білім ал, шәкіртақы ал»: Жұмыссыздарға мүмкіндік берген өндіріс

«Қазақта туған жерге туың тік» деген қазақта жақсы сөз бар. Нағима Мүкенқызының өз ауылының адамдарына қолдау көрсетіп, жаңа мүмкіндіктерді көрсеткелі отыр. Бұрында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының қолдауымен өз кәсібін ашып, өз еңбегін сіңірген болатын. Қазір енді осы істі қолға алып отыр. Еңбек етемін деген адамға мемлекет тарапынан қолдау бар. Қайтарымсыз гранттар бар. Жеке кеңес алуға келіп сөйлесемін десеңіздер, біздің есік қашанда ашық», – деді Ардақ Тоқтабаев.

95392634-ae56-4171-adc5-7f7d17aa378a-1024x682 «Білім ал, шәкіртақы ал»: Жұмыссыздарға мүмкіндік берген өндіріс

Мемлекеттік қолдау және халықтың алғысы

Бұл жоба ауыл тұрғындарының әл-ауқатын көтеруге, ел экономикасын дамытуға бағытталған. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының қолдауымен іске асқан өндіріс бүгінде кеңейіп, жаңа кәсіптерді оқытуға кірісіп отыр.

82168eeb-f290-491a-ada5-a6c34303f33b-1024x682 «Білім ал, шәкіртақы ал»: Жұмыссыздарға мүмкіндік берген өндіріс

Көктұма ауылында ұйымдастырылған кездесуде кәсіпкерлікке бет бұрғысы келетін әйелдер мен түлектер мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін өз көздерімен көрді. Олар үшін бұл жаңа өмірдің, жаңа мүмкіндіктердің есігі. Бұл кәсіпорын тек ауылдағы әйелдерді жұмыспен қамтып қана қоймай, отандық өнім өндірісін дамытуға да үлес қосып жатыр. Нағима Ермозанованың айтуынша, бұл жобаның түпкі мақсаты – сапалы, қолжетімді киімдерді тіккен ауыл әйелдерінің қолынан шыққан өнімдерді нарыққа ұсыну. Яғни, «Қазақстанда жасалған» деген белгісі бар өнімдерді көбейтуді мақсат етіп отыр.

Көктұма ауылының директоры Алмагүл Қасымжанова ауыл тұрғындарын жинап, осы мүмкіндіктен құр қалмауы үшін, жиынның ұйымдастыруына барынша атсалысты.

f77a802a-c4b8-4c73-adea-33b8d571d0e2-1024x682 «Білім ал, шәкіртақы ал»: Жұмыссыздарға мүмкіндік берген өндіріс

Көктұма ауылында өткен бұл жиын әдеттегі көргізбе үшін өткізілетін жиындар секілді болмады. Ауыл тұрғындары, тұрмыстары нашар тұрғындар, кәсіп істегісі келетін азаматтар жиын соңында жеке сұрақтарын қойып, мемлекеттен қандай қолдаулар бар екені жайлы ақпарат алды. Өз жобаларын айтып, келген келген қонақтармен алдағы жоспары жайлы ақылдасты.