Димаш Құдайберген «Халықтың сүйіктісі-2024» сыйлығын жеңіп алды, деп хабарлайды Alakolmedia.kz.
16 қаңтарда Астанада «Халықтың сүйіктісі-2024» ұлттық сыйлығының марапаттары салтанатты түрде табысталды. Елдің ең танымал сыйлығы 14-ші рет әр түрлі саладағы халықтың сүйікті қайраткерлерін таңдады. Бүгінде есімі әлемге танымал Димаш Құдайберген бұл беделді марапатты төртінші рет жеңіп отыр.
Еске сала кетсек, Димаш Құдайбергеннің Distinctive International Arab Festivals Awards (DIAFA) атты халықаралық сыйлығымен марапатталғанын жазған болатын. Бұл сыйлығын ол әнші Бибігүл Төлегеноваға арнады.







Post Comment