«Кореяға виза»: Түркістанда 92 млн жымқырған алаяқ сотталды

Түркістан облысында бір жылға жуық уақыт бойы алаяқ 23 адамды алдап, Оңтүстік Кореядан жұмыс визасын алып беремін деген уәдемен 92 020 000 теңгені иемденіп кеткен, деп хабарлайды Alakolmedia.kz.

Оған жұмысқа орналасуды аңсаған азаматтар қомақты қаржысынан айырылып, алданып қалған.

«Сот барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді. Өз кезегінде алаяқ 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ 23 жәбірленушілердің азаматтық талап қоюлары қанағаттандырылды», — деп мәлімдеді Бас прокуратура.

Осылайша сот барысында мемлекеттік айыптаушы алаяқтың кінәсін толық дәлелдеп шықты. 

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.