Тоқаев іс-сапармен Өзбекстанға аттанбақ

Мемлекет басшысы іс-сапармен Өзбекстанға бармақ.

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен көрші елге баруды жоспарлап отыр. Іс-сапар 3-4 сәуір күндерін қамтиды. Самарқанда Қазақстан Президенті «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммитінің отырысына қатысып, бірқатар кездесу өткізбек.

Еске салайық, 29 наурыз күні Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Алматыға келген еді.