«Болашақ жастар қолында»: патриоттық рухты дәріптеген байқау өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Жетісу облысы бойынша департаменті мен Алматы қаласындағы Бостандық ауданының №65 мектеп-гимназиясы бірлесе отырып, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған «Болашақ жастар қолында» атты патриоттық байқау өткізді.

Іс-шара Туды алып шығу рәсімі бойынша ұйымдастырылып, оған он мектептің оқушыларынан құралған командалар қатысты. Қатысушылар әскери саптық дайындықтары мен елжандылық рухын паш етті.

Бұл байқау – жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыруды, әскери-патриоттық тәрбиеге баулуды көздеген маңызды шара болды.