Ұлт рухының шамшырағы: Өзбекәлі Жәнібек қазақтың рухын қалай тірілтті?

Өмір — бүлкілдеп жер астынан шығып, өз арнасын тауып, тоқтаусыз ағып жатқан бұлақ іспетті. Кей арналарының ағысы тоқтайды, кейбірі өз арнасымен жөңкіле береді. Адам да өз өмір-өгізгі ағысы суалғанда келмеске кетіні сөзсіз. Тек артына ұрпағын, асыл сөзін, ғибратты үлгі-өнегесін, қолтаңбасын қалдырған жан ғана мың жасайды. Сондықтан да «өткен күнде белгі бар» деп халық өткенді еске алады. Өткенімізге көз жүгіртсек, өмірде болмыстың шынайы жарығын шашып, рухани азық сыйлайтын тұлғалардың бар екенін көреміз. Солардың бірі – қазақ мәдениеті мен ұлттық құндылықтарын сақтап, халықтың рухын көтеруге зор үлес қосқан Өзбекәлі Жәнібек. Ол – тарих пен әдебиет саласында елеулі еңбегімен танылған, ұлтжанды қайраткер.

Өзбекәлі Жәнібек, ең алдымен, мәдениеттің көрнекті өкілі болды. Ол өз ұлтының салт-дәстүрлерін, тілін, мәдениетін сақтауға бар күшін жұмсады. Ұлт болашағына алаңдап, қазақ халқының рухани дамуын жандандыру үшін маңызды жобаларды жүзеге асырды. Өз дәуірінде талай мәселелерді шешуге батыл қадам жасап, қазақ руханиятының сақталып, болашаққа мұра болып қалуы үшін ерен еңбегімен есте қалды.

Атап айтқанда, Өзбекәлі Жәнібекұлы қазақ мәдениетін жаңғыртуда ерекше қызмет атқарған тұлға ретінде Наурыз мерекесін қайта тірілтуге айрықша еңбек сіңірді. Кеңестік кезеңде бұл мереке “ескі дәстүрдің қалдығы” ретінде саналып, ресми түрде тойланбайтын. Алайда Жәнібекұлы халықтың рухани мұрасын жаңғырту идеясын басты мақсат етіп, Наурыздың қайта оралуына, халықтың жүрегіне қайта енуіне бар күшін жұмсады.

Өзбекәлі Жәнібекұлы Торғай өңіріне де ерекше мән беріп, оның тарихи және рухани мұрасын жаңғыртуға аянбай еңбек етті. Торғай — қазақ халқына руханият пен ұлттық құндылықтардың қайнар көзі. Сол себепті ол бұл өлкенің тарихы мен мәдениетін сақтау жолында зор еңбек сіңірді.

Жәнібекұлын “қараңғыдағы жарық” деу орынсыз емес. Өйткені ол қиын-қыстау кезеңдерде елдің рухын көтеріп, қазақ мәдениетінің жоғалып кетпеуіне күш салды. Өз болмысымен ұлттық құндылықтарды сақтау жолында тер төккен Өзбекәлі Жәнібек ұлттық рухты асқақтатып, болашақ ұрпаққа шынайы үлгі бола білді.

Иә, тарих қойнауына үңілсек, халқымыздың өмірі мен тұрмысын, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін зерттеп, елдің ерлігі мен бірлігін паш етіп, келешек ұрпаққа баға жетпес құнды еңбектері мен өсиетін қалдырған бұл біртуар тұлғаның еңбегі жыл өткен сайын құндылығын арттыра беретіні даусыз.

Ажар Құмарқызы,

Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектеп, 11 сынып оқушысы